Олардың әрекетін көшедегі кетіп бара жатқан адамдар түсіріп алған. Олардың арасындағы дау бірнеше қиылыстан бұрын басталған.
Райымбек мен Саин көшелерінің қиылысында олардың бірі көліктен шыға сала екіншісін буындыра жөнелген. Одан кейін екеуі де көлікке отырып тайып тұрған.
Полицейлер бейне бақылау камералары арқылы қос көліктің қай көшемен жүргенін анықтады. Алайда, аталған дерек бойынша ешкім полицияға арызданбады.
Қазір Алатау аудандық ІІБ болған жайдың мән-жайын анықтауда.