«Әрине, олар (бейнебақылау мен бейнеге түсіру камералары — агенттік ескертп.) өте қымбат және де оларды барлық облыс орталықтарындағы әрбір бағанаға орнату мүмкін емес»,- деді Өмірзақ Түсімов. «Біз қазіргі уақытта бірқатар имитаторларға (камералар — агенттік ескертп.) тапсырыс бердік және де жүргізушілер бұл туралы білмейтіндей етіп кейбір жерлерге орнатамыз»,- деп қосты ол.
«Бұл байланыс желісі барлық бағанаға жүргізілетіндей етеп жасалынады, сөйтіп түсіргіш бүгін бір бағанада тұрса, ертаң басқасында тұратын болады»,- деп нақтылап өтті комитет төрағасы.
Өмірзақ Түсімовтің атап көрсетуі бойынша, Астанада осындай камералардың көмегімен жүргізушілер тәртібін айтарлықтай көтеруге қол жеткізілген. «Оларды Астанада орнатқаннан кейін алғашқы кездерде бір камера тәулігіне 3000 дейін тәртіп бұзушылықты тіркесе, бүгінде ол тәулігіне 150 -200 тәртіп бұзушылықты тіркейді және қақпанға көбінесе сырттан келушілер ғана түседі»,- деп атап өтті ол.
«Бейнеге түсіруші мен бейнелік бақылау — сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы іс-шара, себебі камера үшін келе жатқан «еңселі» джип немесе «Запорожец», министр әлде қарапайым шаруа ма, бәрібір: тәртіп бұзылса — ол бейнеге түсіріп отырады»,- деген сенімде жол полициясының басшысы. «Қазір Астанада бейнеге түсіруші тұрған жерде KZ нөмірлі көліктер де жылдамдықты режимін сақтайды»,- деп сендірді ол.
Өмірзақ Түсімов, қазіргі уақытта қала жолдарына бақылау жасау мен тәртіп бұзушылықтарды бейнеге түсіру жүйесі Астанада, Алматы мен Қарағандыда жұмыс істейтіндігін еске сала кетеді. «Қазір осы сияқты жүйе Өскеменде монтаждалуда, біз осы сияқты жүйені Ақтөбе мен Атырауда үстіміздегі тоқсанда орнататын боламыз»,- деп қосты ол. «Қазір республикалық бюджет комиссиясы жол қозғалысының қауіпсіздігін көтеру жөніндегі 2008 — 2010 жылдарға арналған республикалық іс-шаралар жоспарын қарастыруда, келесі жылы оны жүзеге асыруға 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлу жобаланған, олар аймақтарда тәртіп бұзушылықтарды бейнеге түсіру және бейне бақылау жүйесін енгізуге жұмсалмақ», — жеп нақтылап өтті Өмірзақ Түсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті