Жарияланды: 20

Жол сапасы бойынша 106-орын: QazAvtoJol пікір білдірді

Жол сапасы бойынша 106-орын: QazAvtoJol пікір білдірді

Дүниежүзілік экономикалық форумның жариялаған ақпаратына сәйкес жолдардың сапасы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 106-орында тұр. Аталмыш форумға жолдардың сапасы жөніндегі ақпаратты еліміздегі "Стратегиялық бастамалар орталығы" (есеп түрінде) берген.

Ал, орталық өз кезегінде заңды тұлғалардан әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы ақпарат жинайтынын айтып отыр. Мысалы, жолдардың сапасы бойынша сауалнама жүргізу әдістемесі орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінде онлайн өткізілген. Бұл сауалнамада тек республикалық маңызы бар жолдар ғана емес, облыстық және аудандық маңызы бар, елді мекендердің көшелеріндегі жолдар да қамтылады. Сұралатын заңды тұлғалардың құрамына: оның 55 пайызы қызмет көрсету саласындағы субъектілер, 30 пайыз - өнеркәсіп, 8 пайыз - Ауыл шаруашылығы және 7 пайыз - шағын кәсіпкерлік субъектілері кіреді. Бүгінгі күні Қазақстанда жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы - 85,6 мың шақырым. Оның ішінде 24 100 шақырым республикалық маңызы бар жолдар, яғни, "QazAvtoJol" ҰК" АҚ жауапкершілігіне еліміздегі автожолдың 28 пайыз -ы ғана тиесілі. Сонымен қатар, Дүниежүзілік экономикалық форумында Open Street Maps b Google Directions және Geonames деректер базасына негізделген республикалық маңызы бар жолдар сапасының жай-күйінің рейтингісі жүргізіледі. Соның ішінде 10 немесе одан да көп ірі экономикалық қалаларды байланыстыратын маршрут қозғалысының орташа жылдамдығының көрсеткіші бойынша (жол қозғалысы сапасының индексі) Қазақстан 140 елдің ішінде 59-шы орында тұр. Қазіргі уақытта "QazAvtoJol" ҰК" АҚ-ы қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ұзындығы 4 870 шақырым болатын 70 жобаны жүзеге асыруда. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары деңгейінің көрсеткіші 51 пайызы жақсы, 36 пайызы қанағаттанарлық және 13 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда деп баға берілген.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін