Жоламановты түрмеден құтқармақ болған делдал Ресейде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоламановты түрмеден құтқармақ болған делдал Ресейде ұсталды

Жоламановты түрмеден құтқармақ болған делдал Ресейде ұсталды

Генерал Жоламановты жарылқамақ болған делдалдың өзі түрмеден бір-ақ шықты. Мәскеуде алаяқтықпен ұсталған Нұралы Ташкенбаев енді сот алдында жауап беріп жатыр.

  • 3 Маусым 2015
  • 224
Фото - Caravan.kz

Ол еліміздің Шекара қызметінің бұрынғы басшысының бостандыққа шығуына көмектесемін деп генералдың туыстарынан 1 жарым миллион доллар сұраған. Сөйтіп, Жоламановтың Ресейде тұратын ағасын бірнеше рет кездесуге шақырып, інісін қылмыстық жазадан құтқару үшін құрған жалған жоспарымен бөлісіпті. Жоламановтар делдалға сенгенімен, Ташкенбаевтың арам ойы сол күйі жүзеге асқан жоқ. Ол айтқан сомасының бір бөлігі — 550 мың долларды алып жатқан жерінде ұсталды. Құзырлы орындар, қамаудағы генералды босататындай Ташкенбаевтың қандай қызмет атқарғанын айтпай отыр. Ал, осы құрығы ұзын «дөкей делдалға» қатысты тергеу жүріп жатқанда, яғни екі ай бұрын генерал Нұрлан Жоламановтың өзі Астанада 11 жылға сотталып кеткен болатын.