Жолаушы ұшақтағы ақауға ашуланып, бортсерікті ұрып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолаушы ұшақтағы ақауға ашуланып, бортсерікті ұрып тастады

Жолаушы ұшақтағы ақауға ашуланып, бортсерікті ұрып тастады

Жолаушы ұшақ салонындағы телефон қуаттағыш дұрыс істегені үшін ашуланды және ұшқыштарды шұғыл қонуға мәжбүр етіп, бортта жанжал шығарды.

  • 6 Маусым 2021
  • 368
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Fox News жазады, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 19 мамырда Токиодан Далласқа ұшқан American Airlines әуекомпаниясы туристің шу шығаруына байланысты Сиэттл әуежайына амалсыз қонды.

Ұшақ жоғары көтерілгеннен бірнеше сағат өткен соң оның орындығының астындағы телефон қуаттағышы істемей қалғанына қатты ренжіген. Әйел бортсеріктерден жағдайды шешуді өтінеді, бірақ олар көмектесе алмаған соң шу шығарып, экипаж мүшелеріне айқайлай бастады.

Содан кейін турист ұшқыштардың кабинасына барған. Оны тоқтатуға тырысқан бортсерікті ұрған. Содан кейін борт командирінен қуаттағыш құрылғыны жөндеп беруді талап еткен.


Ұшқыштар АҚШ федералды авиация басқармасымен байланысып, ұшақты жақын маңдағы әуежайға қондыру туралы шешім шығарды. Қонғаннан кейін жолаушыны жергілікті құқыққорғау органдары ұшақтан шығарды.

Соңғы жаңалықтар