Жолаушыларды тасымалдау тарифтері 7 пайызға өзгерді - ТМРА - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолаушыларды тасымалдау тарифтері 7 пайызға өзгерді - ТМРА

Жолаушыларды тасымалдау тарифтері 7 пайызға өзгерді - ТМРА

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жолаушыларды тасымалдау тарифтері 7 пайызға өзгерді.

  • 15 Қаңтар 2014
  • 528
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

Аталмыш өзгерістер Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Үкімет қаулысының аясында орын алған жоспарлы қадам. Себебі тарифтердің жоғарылауы есебінен бірқатар шаралар қолға алынады деп күтілуде.

«Бағдарламаның шеңберінде халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Астана — Қызылорда», «Алматы — Ташкент», «Астана — Защита», «Алматы — Защита» және «Алматы — Ақтөбе» бағыттарында 5 жаңа жүрдек бағдарлар ұйымдастырылады. Сондай-ақ 2014 жылы 150 жолаушы вагонын сатып алу жоспарланып отыр», — деді.