Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ер адамның үстінен шыққан иістің жағымсыз болғаны сонша, борттағы басқа жолаушылардың жүрегі айнып, кейбірі талып қалған.
Куәгерлердің сөзінше, ер адамның үстінен құдды 2 апта жуынбағандай иіс шыққан. Әуе кемесінің қызметкерлері ер адамды дәретханаға кіргізіп, сол жерде ұстамақ болған. Алайда оның нәтижесі болмапты. Салдарынан ұшқыш жақын жердегі әуежайға қонуға мәжбүр болған. Ал әуежайда ер адамды дәрігерлер күтіп алды.
Transavia Airlines әуекомпаниясындағылар Боинг-737 ұшағының шұғыл түрде қонуға мәжбүр болғанын растады.
«Ұшақ медициналық сипаттағы себептерге байланысты жерге қонуға мәжбүр болды. Жолаушылардың бірінің үстінен, шынымен де, жағымсыз иіс шыққан», – дейді компания өкілі.