Жарияланды: 19700

"Жолдасым туралы айтпаймын": Сәдуақасованың ажырасып кеткені рас па?

"Жолдасым туралы айтпаймын": Сәдуақасованың ажырасып кеткені рас па?

Мадина Сәдуақасованың жеке өмірінде өзгерістер орын алған секілді.

Әнші НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында күйеуі туралы пікір білдіруден бас тартып, ол туралы сөз қозғамауды сұрады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы аталған сұхбатқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Жолдасым туралы айтпасам бола ма? Ешнәрсе айтпай-ақ қояйын. Көрермендер түсінеді деп ойлаймын", - деп жауап берді Сәдуақасова.

Әншінің бұл сөзін көпшілік қауым оның ажырасып кеткенін топшылады. Сәдуақасованың ажырасып немесе ажыраспағанын алдаға уақытта біле жатармыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін