Жүк көлігінен 60 адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүк көлігінен 60 адамның мәйіті табылды

Жүк көлігінен 60 адамның мәйіті табылды

Нью-Йорк полицейлері Бруклин ауданындағы көшелердің бірінде, жерлеу бюросының жанында тұрған төрт жүк көлігінен 60-қа жуық адамның мүрдесін тапты.

  • 30 Сәуiр 2020
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, жүк көлігінің біреуінде салқындату жүйесі болмаған. Полицияға жергілікті тұрғындар шағымданған.

Телеарнаның хабарлауынша, жерлеу бюросында денелерді кремация алдында сақтау үшін орын жетіспеген. Қаланың денсаулық сақтау басқармасы осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, жерлеу бюроларының иелері санитарлық шараларды сақтауы керек екенін айтты.

Қала билігі салқындату жүйесі бар арнайы көлік бөлген. Мәйіттер сол көлікке ауыстырылады.


 

Соңғы жаңалықтар