«Жұлдыз жауған жарық түн» атты Бауыржан Халиолланың жыр кеші өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жұлдыз жауған жарық түн» атты Бауыржан Халиолланың жыр кеші өтті

«Жұлдыз жауған жарық түн» атты Бауыржан Халиолланың жыр кеші өтті

Алматыда осындай атпен оралдық орақтілді ақын Бауыржан Халиолланың жыр кеші өтті. Аузын ашса, алдымен ақиқаты, одан кейін өлеңі өрілетін Өр ақынды қуанышымен құттықтауға жиналған көрерменде есеп жоқ.

  • 27 Қыркүйек 2013
  • 529
Фото - Caravan.kz


Бауыржан Халиолла айтыс сахнасында Жаңаөзен қасіретін жалғыз өзі айта алған ақын. «Үкіметтен не пайда, Үніңнен басқа түгің жоқ. Министр сенен не пайда, көк тиынға да құның жоқ!» деген өлең жолдарын да жұрт жатқа айтып жүр. Ақын жақында жыр жинағын да шығарыпты. «Мөлтек әлем мөлдірі» және «Махаббат машақаты» атты қос бөлімнен тұратын кітапқа Бауыржан Халиолланың негізінен соңғы жылдары жазылған жырлары енгізілген.