"Жұлдыздар соғысы" фильмінде Дарт Вейдерді ойнаған актер өмірден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жұлдыздар соғысы" фильмінде Дарт Вейдерді ойнаған актер өмірден өтті

"Жұлдыздар соғысы" фильмінде Дарт Вейдерді ойнаған актер өмірден өтті

"Жұлдыздар соғысы" трилогиясындағы Дарт Вейдердің ролін ойнаған танымал британиялық актер Дэвид Проуз 85 жасында қайтыс болды.

  • 29 Қараша 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Daily Mail жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз бен бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйер үшін өкінішпен, қайғымен Дэвид Проуздың 85 жасында қайтыс болғанын хабарлаймыз", — деді актер Томас Боуингтон.

Дэвид Проуз жас кезінде бодибилдер және ауыр атлет болған. Физикалық дайындығы мықты актер 1977 жылдан 1983 жылға дейін шыққан классикалық "Жұлдыздар соғысында" зұлымның ролін ойнаған. 

Түсірілім кезінде Проуз өз кейіпкерінің диалогтарын айтып шыққан, бірақ кейіннен оның дауысы басқа актердің даусына өзгертілді. 


Ұлыбританияда Дэвид Проуз Жасыл Кірес Кодексі адамының суперқаһарманы ролімен де танымал. Проуздың актерлік карьерасы 50 жылға созылды.

 

Соңғы жаңалықтар