Жұма күні Қазақстанның басым аумағында найзағайлатқан жауын жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұма күні Қазақстанның басым аумағында найзағайлатқан жауын жауады

Жұма күні Қазақстанның басым аумағында найзағайлатқан жауын жауады

Жұма күні Қазақстанның басым аумағы циклон ықпалында болады да, сонымен байланысты күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, екпіндетіп жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың батысында жауын жаумайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

  • 15 Шiлде 2011
  • 503
Фото - Caravan.kz

Жұма күні Астанада ала бұлтты, кейде жауын жауады, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, екпіні 18 м/с болып, ауа температурасы +20+22 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, өтпелі жауын жауады, солтүстіктен 2-7 м/с жел соғады, екпіні 15 м/с болады, ауа температурасы +24+26 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстік аумағында найзағайлатып, өтпелі жауын жауады: Ақмола облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +15+20°С, Павлодар облысында күн күркіреп, өтпелі жауындатып, бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, ауа температурасы +20+25 градус болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысында кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы тиісінше +18+23 және +23+28 градлус болады.

Қарағанды облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы +19+28 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында күн ашық, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +23+28 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысында ғана күн ашық болады, онда ауа температурасы +30+35°С болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында күн күркіреп, жауынды болады, шаңдатып, 17-22 м/с жел соғып, екпіні 25 м/с болып, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +28+33 градус болады. Жамбыл облысында найзағайлатып, өтпелі жауын жауады, 15-20 м/с жел соғады, ауа температурасы +22+27°С градус болады.

Қазақстанның батысында күн ашық болады. Батыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +27+32°С болады. Маңғыстау облысында кей жерлерінде тұман түсіп, ауа температурасы +34+39°С, Ақтөбе облысында ауа +25+30°С, Атырау облысында ауа температурасы +31+36°С.

Метеқызмет болжамынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында өте күшті ыстық болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алдағы тәуліктерде күшті жауын жауады деп күтілуіне байланысты Алматы облысының таулы өзендерінде жауыннан су тасып, жекелеген жерлерде сел жүруі ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның басқа өзен-көлдерінде елеулі өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар