Жұма күні республиканың басым аумағында күн күркіреп, жауын жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұма күні республиканың басым аумағында күн күркіреп, жауын жауады

Жұма күні республиканың басым аумағында күн күркіреп, жауын жауады

Жұма күні Қазақстанның батысы, солтүстік-шығысына антициклон ықпал етуінен мұнда жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысы мен оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстары арқылы атмосфералық тұтас ағым ығысып, сонымен байланысты күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, екпіндетіп жел соғады, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

  • 17 Маусым 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz

Жұма күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, ауа температурасы +28+30 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, күндіз өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 11 м/с болады, ауа температурасы +29+31 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде тек Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында аздап нөсерлеткен жауын жауып, күн күркіреген кезде Қостанай облысындағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ауа температурасы +24+29 градус болады. Ақмола, Павлодар облыстарында жауын-шашынсыз, ауа темпертаруасы сәйкесінше, +25+30 градус болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында «Қазгидромет» хабарлағандай, жауын-шашын күтілмейді, күндіз ауа температурасы +25+30 және 23+28 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде тек Оңтүстік Қазақстан облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +30+35 градус болады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысында аздап жауын жауып, күн күркіреп, кей жерлеріндегі желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, ауа температурасы сәйкесінше, +27+32, +27+32 және +30+35 градус болады.

Қазақстанның батысында Атырау облысында ғана аздап жауын жауады, ауа температурасы +30+35 градус, басқа өңірлерде жауын-шашын күтілмейді: Маңғыстау облысында ауа темпертаруасы +30+35, Батыс Қазақстанда +25+30 және Ақтөбе облысында +28+33 градус болып, түнде күн күркірегенде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Синоптиктердің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан, Қызыорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, Атырау облысының батысында өрт туындау қаупі өте жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның қалған су айдындарында елеулі өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар