Жұмбақ жағдайда қайтыс болған егіздер жерленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмбақ жағдайда қайтыс болған егіздер жерленді

Жұмбақ жағдайда қайтыс болған егіздер жерленді

Қарағанды облысының Абай қаласында ұйықтап жатып, қайтыс болған 8 айлық егіздер жерленді. 

  • 5 Наурыз 2020
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады. 

Сот медицналық сараптама олардың механикалық асфиксиядан, яғни, тұншығып жан тапсырғанын анықтаған. Жұмбақ өлім жағдайы бойынша тергеу де басталды.

Есі де кірмеген екі сәби Абай қаласының іргесіне жерленді. Алғашқы сараптама Валерия мен Кириллдің тұншығып өлгенін растаған. Естеріңізге салсақ, ақпанның 29-ы күні Людмила Хакимова егіздердің кереуетте өлі жатқанын көріп дабыл қаққан. Оның айтуынша, екеуі екі кереуетте көрпесіз, ашық жатқан. Соның алдында науқастанып, ауруханада бірге жатып шығыпты. Жөтеліп, тұмауратқан оларға дәрігерлер ақыры диагноз қоя алмады дейді. Жағдайы төмен отбасының егіздерден өзге, 2 және 6 жастағы ұл мен қызы бар. Қара жамылған ана желіде желдей ескен айыптауларды доғаруды талап етеді.

"Мен балаларымды буындырып, арақ беріп өлтірді деп жатыр. Ондайға мен бара алам ба? Ол күні арақ ішкен жоқпын. Балалар көрпемен қымталған да жоқ. Етбетімен жатқызған едім, мен көргенде шалқасынан жатыр екен. Не болғанын өзім де түсіне алар емеспін. Екінші сараптама қортындысы бір айдан соң шығады
", — деп  анасы Людмила Хакимова.

Соңғы жаңалықтар