Жарияланды: 550

Жұмыс сапарымен Павлодар облысына келген Елбасы бүгін бірінші кезекте жергілікті университетте болды

Екі күндік жұмыс сапарымен Павлодар облысына келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін бірінші кезекте С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Мемлекет басшысы университет студенттері, ғалымдары және оқытушыларымен кездесті . Павлодар мемлекеттік университетінде 10 мың студент оқып, 1 мыңнан астам ғалымдар мен оқытушылар жұмыс істейді. Университет құрылымына 51 кафедра, колледж және Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананы қамтитын 11 институт кіреді. Университетте 7 мұражай кешені жұмыс істейді. Павлодар мемлекеттік университетінде бірнеше бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Университет аясындағы зерттеулердің сыртында бұл білім ошағы биыл ҚР Ұлттық ғылым академиясына арнап 4605 мың теңгенің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда. Сондай-ақ, жоғары оқу орнында студенттік филармония жұмыс істейді, оның құрамында пікірталас клубы, Тапқырлар мен алғырлар клубы мен "Жас психологтар" клубы ашылған. Аталмыш жоғары оқу орны 1961-жылы ашылған индустриялық институттың негізінде Павлодар мемлекеттік университеті ретінде 1999-жылы құрылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін