«Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында Жамбыл облысының 4 мыңдай ауыл тұрғыны өнеркәсібі дамыған өңірлерге қоныс аударады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында Жамбыл облысының 4 мыңдай ауыл тұрғыны өнеркәсібі дамыған өңірлерге қоныс аударады

«Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында Жамбыл облысының 4 мыңдай ауыл тұрғыны өнеркәсібі дамыған өңірлерге қоныс аударады

«Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысындағы 12 ауылдың 4 мыңдай тұрғыны өнеркәсібі дамыған өңірлерге қоныс аударады.

  • 1 Тамыз 2011
  • 649
Фото - Caravan.kz

Жалпы алғанда, «Жұмыспен қамту» бағдарламасымен 2015 жылға дейін өңірдің 10 мыңнан астам тұрғынын қамту жоспарланып отыр.

Еңбекпен қамту басқармасынан хабарлағандай, ағымдағы жылдан бастап аймақта ілкі режимде бағдарламаның екі бағыты — кәсіптік оқыту және ауылдағы кәсіпкерлік дамыту ісі қолға алынып отыр.

Бірінші бағыт бойынша 635,6 миллион теңге сома қаржыландыру қарастырылған, 1 462 адамды кәсіптік оқытудың курстары ұйымдастырылуда. 18 әлеуметтік жұмыс орнын құруға тағы 2,6 миллион теңге қарастырылған.

Ал екінші бағыт бойынша, яғни кәсіпкерлік негіздерін оқытуға биыл 875 мың теңге қарастырылған, биыл бұл бағдарламамен 20 адам қамтылмақ.

2012 жылы бағдарламаның үшінші бағытына кірісу — жұмыссыздарды, тұрмысы төмендерді және өз беттерінше жұмыс істеп жатқандарды экономикалық әлеуеті жоғары орталықтарға көшіру жоспарлануда.

«Осы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында 2015 жылға қарай өңірде жұмыс өнімділігі 23 пайызға өсетін болады, ал жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан аспайды», дейді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар