Жұмысқа жаяу барған пайдалы - мамандардың зерттеуі - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмысқа жаяу барған пайдалы - мамандардың зерттеуі

Жұмысқа жаяу барған пайдалы - мамандардың зерттеуі

Британия зерттеушілері жаяу серуендеу денсаулыққа оң әсер ететінін анықтады, деп хабарлады life24.ru.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 418
Фото - Caravan.kz

Жұмысқа жаяу бару адамның жүйкесіне пайдалы. Шығыс Англия университетінің мамандары жұмысқа жаяу немесе велосипедпен баруға кеңес береді.

Зерттеуге 18 жастан 65 жасқа дейінгі 18 000 адам қатысқан. Оның нәтижесінде ғалымдар қоғамдық көлікті немесе жеке автомбильді пайдаланбайтын адамдар өзін психологияқ жағынан сергек сезінетіні туралы қорытындыға келген. Мұндай адамдар  күйзеліске ұшырамайды, жұмысқа қабілеті де жақсы болады.

Ал жеке автомобиль мен қоғамдық көлік туралы айтар болсақ, жеке автомобиль жүйкеге қатты әсер етеді, Автобуста адам демалады, музыка тыңдайды, айналасындағылармен әңгімелеседі, ал рульде отырған жүргізуші үнемі бар назарын жолға салып отырады.


Зерттеу авторы Адам Мартин жолға көбірек уақыт жоғалсаң да, жаяу жүрген анағұрлым пайдалы деп санайды.