Канзас университетінен Дэвид Пул қызылша шырынының қан айналымы арқылы оның тез қысқаратын бұлшықет талшықтарына келуін көбейтетіндігін дәлелдеді. Осы талшықтар футбол алаңында жүгіру кезінде қажетті күшті береді.
Оның мәнісі мынада, қызылшада жаттықтыру кезінде қаңқа бұлшық еттерінде қан айналымын жақсартатын азот қышқылының тұзы бар. 100 грамм саумалдықта қанша азот қышқылының тұзы болса, шырынның 70 миллилитрінде де сонша. Денеде ол қан тамырларын кеңейтетін азоттың тотығына айналады. Статистикаға сәйкес, қызылша шырыны бұлшық ет талшықтарында қанның келіп тұруын 38 пайызға жақсартады. Бұл әсіресе тез қысқаратын талшықтар үшін пайдалы.
Тағы бір артықшылығы, қызылша шырыны жоғары қышқылдықпен күресуге көмектеседі, қанды тазартады, қан аздықты емдейді. Сонымен бірге, қызылшада жасушалар, калий, магний, ниацин, темір мен биотин көп.