Журналистің азаматтық сезімін, отаншылдығы мен ар-ұжданын ешкім де жекешелендіре алмайды - мемлекет басшысы
![]() |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 19-ақпанда Атырауда басталған Қазақстан журналистерінің III конгрессіне қатысушыларға өз жолдауын жіберді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
Жолдауда мемлекет басшысы "азаматтық қоғамның барлық институттарын төрт аяғынан тік тұрғызбайынша елді гүлдендіру мүмкін емес" дей келіп, олардың арасынан бұқаралық ақпарат құралдары айрықша орын иемденетінін атап көрсетті.
"Қазіргі БАҚ-тардың басым бөлігі жеке меншікте, дейтұрғанмен, журналистің азаматтық сезімін, отаншылдығын, намысы мен ар-ұжданын ешкім де жекешелендіре алмайды" ,- дейді Н.Назарбаев.
Өз жолдауында мемлекет басшысы журналистердің конгресс отырысындағы бірлескен жұмыстары "кәсіби журналистік этика қағидаларын, қазақстандық журналистердің өзіндік ар-ұждан кодексін жасап шығаруға септігін тигізетініне" сенім білдірді.
Елбасы Қазақстан журналистері мен форум жұмысына шығармашылық тапқырлықтар мен толайым табыс тіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін