Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шығару үшін халықтан рұқсат сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шығару үшін халықтан рұқсат сұрады

Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шығару үшін халықтан рұқсат сұрады

Алматыда өткен жыл қорытындысы айтысында Төреғали Төреәлі елден кешірім сұрады.

  • 31 Желтоқсан 2017
  • 354
Фото - Caravan.kz

Жүрсін Ерман жыл қорытындысы айтысының ашылу салтанатына келген Төреғали Төреәлінің ел алдында ән айту, айтпауын халықтан сұрады. Бұл сауалға қатысты халықтың пікірі екі жарылды. Десе де Төреғали “Айтыс” атты әнін орындап, биылғы жылдың қорытынды айтысын ашып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Өз кезегінде айтыс сахнасында “Ұлы дала баласы” Павлодарда өткен концертте жіберген қателігі үшін кешірім сұрады. Ол екі күнге жалғасқан айтыстың жабылуында да ән шырқады.

Айтыста Төреғали ел алдындағы әбестігін жуып-шайғысы келген сыңайлы. Әнші 300 мың теңге тұратын жүлдені өзінің замандасы, “Алтын домбыра” иегері павлодарлық айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаевқа табыстады.