Жуықта Атыраудан Астанаға жолда түспейтін жаңа жүрдек поезд қатынауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жуықта Атыраудан Астанаға жолда түспейтін  жаңа жүрдек поезд қатынауы мүмкін

Жуықта Атыраудан Астанаға жолда түспейтін жаңа жүрдек поезд қатынауы мүмкін

Астана. 25-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жуықта Атыраудан Астанаға жаңа жүрдек поезд қатынауы мүмкін. Аталмыш мәселе Атырау облысы әкімшілігінің отырысында қаралды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Қаңтар 2008
  • 528
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Атырау облысының әкімшілігі Көлік және коммуникация министрлігіне Атыраудан республика астанасына тура темір жол қатынасын орнату туралы ұсыныс жасауды жоспарлап отыр. Ұсыныс көлік мекемесі тарапынан қолдау тапқан жағдайда, маршрутты өңдеу әкімшілікпен бірлесіп келісілетін болады.

«Жаңа теміржол қатынасының қажеттілігі туындап тұр, себебі жолаушылар елордамызға жету үшін өздерінің вагондарын өтетін поездерге тіркеуді күтіп, Қандыағаш станциясында сегіз сағаттай күтуде болады»,- деп түсіндіріп өтті компаниядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті