Жуырда Екібастұз ГРЭС-2 жаңа блоктарының құрылыс жобасы дайындалады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жуырда Екібастұз ГРЭС-2 жаңа блоктарының құрылыс жобасы дайындалады

Жуырда Екібастұз ГРЭС-2 жаңа блоктарының құрылыс жобасы дайындалады

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жуырда Екібастұз ГРЭС-2 жаңа блоктарының құрылыс жобасы дайындалады. Бұл туралы бүгін өткен Қазақстан және Ресей ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысының аяқталуына арналған брифингте Ресейдің өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенко айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қараша 2007
  • 647
Фото - Caravan.kz

«Біз Екібастұз ГРЭС-2 даму болашағы мәселесін қарастырып, қатынастарды реттеуден оның қарқынды даму кезеңіне көштік. Соған байланысты, жуырда Екібастұз ГРЭС-2 жаңа блогының құрылыс жобасы дайындалатын болды», — деді министр.

Ол атап өткеніндей, «оның қаржыландыруына Қазақстан және Ресейдің қаржы құрылымдарына, сондай-ақ, бірлескен Еуразиялық даму банкі қаржы институтының қатысатынына сенім артудамыз».

Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен аптада Екібастұз ГРЭС-2 кешенді күрделі жұмыстары өткізілгеннен кейін, екінші қуат блогы іске қосылды. Кәсіпорынның техникалық жағдайын жақсарту бағдарламасын Қазақстан мен Ресей мамандары даярлады. Бірінші кезекте стансаның техникалық жағдайы жетілдірілді.

Жаңартудың бірінші кезеңінде №1 қуат блогының экономайзер қазаны және екі қуат блогының 500 МВт турбиналарындағы қысымы төмен роторлар ауыстырылды.

2008 — 2009 жылдары жаңартудың екінші кезеңін өткізілу жоспарланған. Оның тиімділігі аса жоғары болғандықтан, ол Паввлодар облысының экологиялық жағдайын жақсаруға пайдасын тигізеді. Сондай-ақ, қуаты 500 МВт болатын 3 қуат блогының құрылысы басталады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Екібастұз ГРЭС-2 елде өндірілетін қуат көздерінің 10 пайызын құрайтын ең жас кәсіпорын болып саналады. Станса екі қуат блогынан құрылған.

2005 жылдың аяғында Екібастұз ГРЭС-2 негізінде, қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорын құрылды. 50 % акциясы «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін «Екібастұз энергоорталық» АҚ басқаруына берелген болса, қалған мемлекеттік акциялар ресейлік «ИнтерРАО ЕЭС» ЖАҚ еншісінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті