«Қазақстанға сырттан заңсыз келушілердің санын жоғары деңгейде қысқарту үшін министрлік ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы кешенді шараларды қолдануда», -деп түсіндіреді баспасөз қызметіндегілер. Атап айтсақ, «Мигрант», «Граница», «Нелегал» атты арнаулы шаралар ұйымдастырылып, шетелдіктердің елге келуі, елімізде болуы мен кетуін қадағалаудың біртұтас ақпараттық жүйесі енгізілді. «Жамбыл облысының Қордай ауылының аумағында ІІМ-нің заңсыз көші-қон арналарын жабу жөніндегі уақытша штабы жұмыс істеуде», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті