Жыл басынан бері 9 мыңдай полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылып, олардың 200-ден астамы жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері 9 мыңдай полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылып, олардың 200-ден астамы жұмыстан қуылды

Жыл басынан бері 9 мыңдай полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылып, олардың 200-ден астамы жұмыстан қуылды

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр аралығында ішкі істер органдарынан 200-ден астам полицей қуылды, деп жеке қауіпсіздік департаментінің бастық орынбасарының міндетін атқарушы Қуат Оспанов мәлім етті.

  • 29 Маусым 2011
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Тек қана ағымдағы жылдың басынан бері өз міндетін лайықты атқармағаны, қарамағаныдағыларға жөнді бақылау жүргізбегендігі үшін, тәртіпті бұзғаны үшін полицияның 9 мыңдай қызметкеріне тәртіптік ықпал ету жазасы қолданылды. Оның ішінде 209 қызметкер ішкі істер органдарынан қуылды, әр түрлі деңгейдегі басшылық лауазымындағы 50 қызметкер қызметтерінен босатылды», — деді ол сәрсенбі күнгі брифингте.

Сонымен қатар, деді Қ. Оспанов, өткен бес айда жеке қауіпсіздік департаменті аймақтарда полиция қызметькерлеріне қатысты барлығы 7 мыңдай шағымды қарады. Олар бойынша 3 мыңнан астам тергеу алды тексеру, 1,5 мыңдай қызмет тергеуі жүргізіліп, 134 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 38 жемқорлық құқық бұзушылық жөнінде қылмыстық іс болды.

«Қолданылған шаралар нәтижесінде ағымдағы жылы біз полиция қызметкерлері жасаған жемқорлық қылмыс деңгейін 20%-дан астам төмендеттік. Бұл ретте жеке құрамның арасындағы қылмыстың 60%-ын жеке қауіпсіздік күштерімен ашылуда», — деп атап көрсетті ол.

Соңғы жаңалықтар