Жыл басынан бері Алматы облысында полиция қызметкерлеріне пара беру оқиғасы бес мәрте тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Алматы облысында полиция қызметкерлеріне пара беру оқиғасы бес мәрте тіркелді

Жыл басынан бері Алматы облысында полиция қызметкерлеріне пара беру оқиғасы бес мәрте тіркелді

2003-жылдың басынан бері Алматы облысында полиция қызметкерлеріне пара беру оқиғасы бес мәрте тіркелді . Бұл туралы Алматы облыстық ІІБ-ның баспсөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Маусым 2003
  • 517
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Еңбекші қазақ ауданының бір әйел тұрғыны шетелдік төлқұжатын рәсімдеу мерзімін жеделдету үшін көші-қон полициясының қызметкеріне 150 доллар пара беруге талпыныс жасады.

Ал Сарқанд ауданында осындағы ішкі істер бөлімінің тергеушісіне әкесіне қатысты қылмыстық істі доғарту үшін 6 мың теңге пара бермек болған бір еркек ұсталды.
Сондай-ақ, Алматы қаласының іргесіндегі Каменка ауылында қалалық ІІБ 9-шы басқармасының қызметкеріне материалдық тексеру бойынша оңды шешім шығарту үшін, ал Үштөбе қаласында аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісіне қылмыстық іс бойынша оңды шешім шығарту үшін пара беру оқиғалары тіркелді.
Аталмыш деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды.