Жыл басынан бері Қазақстанда түрмелердегі тәртіпсіздіктерге қатысқандардың үстінен 18 қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Қазақстанда түрмелердегі тәртіпсіздіктерге қатысқандардың үстінен 18 қылмыстық іс қозғалды

Жыл басынан бері Қазақстанда түрмелердегі тәртіпсіздіктерге қатысқандардың үстінен 18 қылмыстық іс қозғалды

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері Қазақстанда түрмелердегі жаппай бағынбаушылық шараларына қатысушылар мен түзету мекемелеріндегі тәртіпті бұзғандардың үстінен 18 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Мейрам Аюбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Наурыз 2008
  • 672
Фото - Caravan.kz

«Былтыр елімізде бірнеше жаппай бағынбаушылық шаралары белең алды. Қазір оперативтік ахуалды тұрақтандыру үшін қылмыстық кодексте қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау жөніндегі 360-шы бап бар. Осы бап бойынша ағымдағы жылы заңды өрескел бұзушылардың үстінен 18 қылмыстық іс қозғалды», — деді М. Аюбаев.

Тұтастай алғанда, елімізде бас бостандығынан айыру орындарында қамаудағылардың тәртіп бұзу оқиғалары жиіледі, дейді комитет төрағасы. «Осыған байланысты біз осындай жаппай бағынбаушылық әрекеттерінің алдын алу мен жолын кесуге бағытталған лайықты шараларды қолданып жатырмыз, атап айтқанда, қылмыстық ортадағы серкелер деген атуға ие болғандардың қылмыстық әрекеттерінің алдын алу, оларды ұстау мен әшкерелеуге бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізудеміз», — деді ол.

Мәселен, М. Аюбаев өткен аптада Алматыда еліміздегі түзету мекемелерінде жаппай бағынбаушылық шараларын ұйымдастыруға және «ұрылар қауымына» бақылау орнатуға ниеттенген грузиндік кәнігі қылмыскерлердің қолға түскенін еске салды.

Комитет төрағасының айтуынша, қазір «оперативтік ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің құрамы түгел күшейтілген жұмыс режиміне көшті». Сондай-ақ, республика колонияларында «Надзор» атты тәртіптік-профилактикалық шара өткізілуде. «Шараның басты мақсаты — мекемелерде тыйым салынған зататрды пайдалануға жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларын жүргізу, қамауда ұстау ережелерін сақтау», деді ол. Алайда, «өкінішке орай қазір еліміздегі барлық колонияларда бірдей белгіленген қамауда ұстау ережелері сақталмайды»,- деді ол. «Қылмыстық әлем серкелерінің басқаруымен кейбір сотталғандар тәртіпті заңсыз босаңсытуды талап етеді, бірақ, сотталғандарды қамауда ұстаудың заңнамамен белгіленген ережедеоі бар, біз соған бағынуға тиіспіз», — деді М. Аюбаев.

ҚР қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, қазір Қазақстандағы бас бостандығынан айыру орындарында 56 мыңдай адам отыр. Өткен жылғымен салыстырғанда қамаудағылардың саны 4,3 мың адамға артты, деді М. Аюбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті