Жарияланды: 530

Жыл басынан бері теңгенің АҚШ долларына шаққанда номиналдық нығаюы 2,9%-ті құрады

2004-жыл басынан бері теңгенің АҚШ долларына шаққанда номиналдық нығаюы 2,9%-ті құрады. Бұл туралы бүгін, 3-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов хабарлады.

"2004-жылдың ақпан айында теңгенің айырбас бағамы бір доллар үшін 138,86-139,48 теңге шегінде ауытқыды. Сөйтіп, 2004-жылдың қаңтар айындағы валюта бағамының ары-бері ауытқуын бәсеңдетуге бағытталған біздің талпыныстар өзіндік нәтижесін берді. Соңғы бір аптада Ұлттық банк валюта рыногынан доллар сатып алу шарасына қатысқан жоқ",- деді Ә.Сәйденов. Ақпанда қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді қоса алғанда биржалық операциялардың жалпы көлемі қаңтар айындағымен салыстырғанда 25,3%-ке төмендеп, 491 млн. долларға жетті, ал 2003-жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19%-ке төмендеді. Жыл басынан бері биржалық операциялардың көлемі 1148,5 млн. доллар болды. Жедел деректер бойынша, биржадан тыс валюта рыногындағы операциялардың көлемі қаңтармен салыстырғанда 31,1%-ке төмендеп, 459,2 млн. долларды, ал 2003-жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,1%-ке өсті. Банкаралық валюта рыногындағы операциялардың көлемі жыл басынан бері 1125,7 млн. доллар болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін