Жыл соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысында жүйке аурулары ауруханасының ғимараты салынып аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысында жүйке аурулары ауруханасының ғимараты салынып аяқталады

Жыл соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысында жүйке аурулары ауруханасының ғимараты салынып аяқталады

Солтүстік Қазақстан облысындағы жүйке аурулары ауруханасының ғимаратын салып бітіруге арнап республикалық бюджеттен 42 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2003-жылдың 15-желтоқсанында аяқталады деп межеленген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық жүйке аурулары ауруханасының бас дәрігері Игорь Ланда хабарлады.

  • 13 Тамыз 2003
  • 532
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жаңа ғимараттың іске қосылуы нәтижесінде онда 70 төсекті психосоматикалық бөлім, 35 төсекті балалар бөлімі, жедел жәрдем бригадасы мен диспансер орналасатын болады. Жалпы алғанда аурухана бөлімшелерінің 40 проценті жаңа ғимаратқа көшеді.

Әзірше стационар сонау 19-ғасырда салынған ескі ғимараттарды баспаналап келеді. 100 орынды жаңа корпусты салуға тіпті 80-жылдардың басында тапсырыс берілген болатын. Алайда қаржы жетімсіздігінен құрылыс жұмыстары аяқталмай қалды. Ғимараттың жартылай салынған біраз бөлігі 10 жыл бойы тұрғандықтан ендігі жұмыстар бірден қабырғаларды күшейтуден, ғимаратты шатырлап, ішкі қабырғаларды жинаудан басталғалы отыр.
Сондай-ақ, стационарды жайластыру мақсатына қосымша 23 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға қажетті құрал-жабдықтар, жиҺаз , зертхана мен физиокабинеттің жабдықтары сатып алынады.

Соңғы жаңалықтар