Жылдың аяғына дейін Қазақстан экономикасына қосымша $15 млрд құйылады - Кәрім Мәсімов
Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жылдың аяғына дейін Қазақстан экономикасына қосымша $15 млрд құйылады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Жылдың аяғына дейін Қазақстан экономикасына қосымша $15 млрд құйылады. Бұл Жалпы ішкі өнімнің 15% тең. Бұл осы кезеңде бізге жаңа секіріс жасауға мүмкіндік беретін және сыртқы нарықтың кері әсерін жұмсартуға жол ашатын қомақты қаржы", -деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін