Жылқы көлік ішіне кіріп кеткен: Көлсай маңында жол апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылқы көлік ішіне кіріп кеткен: Көлсай маңында жол апаты болды

Жылқы көлік ішіне кіріп кеткен: Көлсай маңында жол апаты болды

Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылында Audi жеңіл автокөлігі мен жылқы соқтығысты.

  • 23 Маусым 2021
  • 63
Фото - Caravan.kz

Куәгердің оқиға орнында түсірге видеосы taldykorganec.insta парақшасында жарияланды.

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Соқтығысу салдарынан ат көліктің алдынғы әйнегін басымен тесіп өтіп, өлген. Кадрларда жануардың басы салонда, ал денесі көліктің төбесінде жатқанын көруге болады. Автокөлік жүргізушісінің өмірі туралы әзірге ештеңе белгісіз.

Желі қолданушылары әр түрлі пікір жазып жатыр:

"Осы малды калай болса солай жибере салады екен , адам аманба екен?"

"Неге солай айтасыңдар? Көздеріне қарамайма деп, адам өзіне қастандық ойлайма? Ол жазым, ең бастысы адам шығыны болмасын де. Бас аман болса темір де, мал да табылар"


"Ауылдың қақ ортасында қандай жылдамдық болды десеңші, 40-50-мен жүрсе бұлай болуы мүмкін емес"

 

Соңғы жаңалықтар