Жыраға түскен. Шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған АН-2 ұшағының фотосуреттері - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыраға түскен. Шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған АН-2 ұшағының фотосуреттері

Жыраға түскен. Шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған АН-2 ұшағының фотосуреттері

Алматы облысында апатты жағдайда қонған АН-2 ұшағының оқиға орнындағы фотосуреттері ұсынылды,. 

  • 26 Ақпан 2021
  • 74
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы zakon.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлағандай, 2021 жылы 26 ақпанда сағат 12:26 уақытында "Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесінің Боралдай — Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км мәжбүрлі түрде қонды.

Ұшақта екі экипаж және 3 жолаушы (медициналық қызметкер) болған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ ұшу-қону жолағынан оңтүстікке қарай 1,5 шақырым жерге қонды (жыраға түсіп кетті).


Төтенше жағдайлар департаменті (7 қызметкер және 2 техника), Боралдай аэродромының авиациялық қауіпсіздік қызметі (15 қызметкер және 5 техника) оқиға орнына барды.

Соңғы жаңалықтар