"Зорлап ойнаған": Эротикалық көріністерді қайталап ойнаған балалардың сұмдық видеосы ақтаулықтарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Зорлап ойнаған": Эротикалық көріністерді қайталап ойнаған балалардың сұмдық видеосы ақтаулықтарды шошытты

"Зорлап ойнаған": Эротикалық көріністерді қайталап ойнаған балалардың сұмдық видеосы ақтаулықтарды шошытты

Ақтау қаласының тұрғындары әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасөспірімдер баланы зорлады деген видео таратты.

  • 21 Шiлде 2020
  • 48122
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар облыс орталығының тұрғындарын оқиғаны түсіріп тұрған адамның болып жатқан жайттарға араласпағаны, тек қана түсініктеме бергені наразылық туғызды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Адамдар полициядан «зорлаушыны», сондай-ақ видео авторларын тауып, жазалауын талап етті.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталғанын айтты. Олар 9 және 10 жастағы балалар болып шықты және олар жауап алу кезінде бұл ойын екенін және шынайы емес , өтірік істегенін айтып түсіндірген. 

«Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде парақшалардың бірінде екі жігіттің ұятты әрекеттер жасағандығы туралы видео табылды. Бұл факт Ақтау қаласының полиция бөлімшесінде ҚР ҚК 121 бабының 1-бөлігі бойынша тіркеуге алынды.

Бейнежазбаны қарау және жедел-іздестіру шаралары барысында бейнетаспаға түсіп қалған кәмелетке толмағандар анықталды. Мән-жайды анықтау барысында екі баланың интернеттен көрген эротикалық көріністі еліктеп өтірік қайталағаны анықталды », — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Полиция сонымен бірге қажетті тексерулер жүргізілгенін және ол бойынша зорлаудың болмағанын растады. Дегенмен ПД баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, видеоны түсірген ер адамдар соңында балалардың ісіне араласып, ұрсып таратып жіберген көрінеді.

Бірақ тұрғындар тәртіп сақшыларына сенбейді, әлеуметтік желілердегі пікірлерде олар баланың ауырсынып қатты айқайлап жатқанын айтады және мұны өтірік жасауы мүмкін емес деген ойда.

Соңғы жаңалықтар