"Зың-зың" авторы Болат Нұрымовтың неден қайтыс болғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Зың-зың" авторы Болат Нұрымовтың неден қайтыс болғаны анықталды

"Зың-зың" авторы Болат Нұрымовтың неден қайтыс болғаны анықталды

Танымал "Зың-зың" хитінің авторы Болат Нұрымовтың шын мәнінде неден қайтыс болғаны анықталды. ОҚО Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Болатхан Сағымбаевтың айтуынша, ер адам туберкулезден қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

  • 26 Қазан 2017
  • 650
Фото - Caravan.kz

Дәрігердің айтуынша, Нұрымов әу баста Алматы дәрігерлеріне қаралған. 

"Оған туберкулез жұқтырған болуы мүмкін деген қауіпті диагноз қойылды. Тұрғылықты мекенжайы Шымкент қаласына жіберілді. Ол келді, сосын неліктен екені белгісіз, Ташкентке кетті. 23-інде ол қалалық көпсалалы ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Біздің мамандарды шақырды және оны бізге ауыстырды. Біз оның анализдерін тексеріп, туберкулезге шалдыққанын анықтадық. Ауыр халде жатты, бір күннен соң қайтыс болды. Ол туберкулездің ауыр түрімен ауырды, бір күн ішінде оны аман алып қалу мүлдем мүмкін болмады. Ауырсынды, жөтел, дене қызуы қырыққа дейін көтерілді, 20 келі жоғалтты", — деді дәрігер. 

"Шілде-қыркүйек аралығында ол Шымкент пен Ташкенттегі жеке клиникаларға қаралып жүрді. Қазақстандағы ірі жеке клиникаға да қаралды. Алайда оның туберкулезге шалдыққаны жайлы тек ауруханаға түскен күні белгілі болды. Егер оған диагноз бірден қойылғанда, оны аман алып қалуға болатын еді", — дейді маман.

Мұның алдында марқұмның неден қайтыс болғанын жақсын досы Сағи Алмұратов айтып берген еді. Нұрымовтың жақын досының сөзінше, белгілі әннің авторы соңғы уақытта өкпесі қабынып қатты ауырып, бір апта ауруханада жатып қайтыс болған. Сонымен қатар, ол Нұрымовтың жаназасы бүгін Шымкентте сағат 13:00-де өз үйінен шығарылатынын айтты.

Сонымен қатар, қайтыс болған Болат Нұрымовтың хитке айналған "Зың-Зың" әнін сынаған Мақпал Жүнісова кешірім сұрады.


Baq.kz сайтының мәліметінше, Болат Нұрымов 1989 жылы Өзбекстандағы Жизақ облысында дүниеге келген. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде режиссер мамандығы бойынша оқыған. Бұған дейін өзінің жеке студиясында жұмыс істеген және Шымкенттегі "Самал" шағын ауданында тұрып келген.

Үйленгеніне үш жылдай уақыт болған. Артында әйелі және бір баласы қалды.

Еске салайық, Болат Нұрымовтың қайтыс болғаны туралы кеше белгілі болған еді. 
 

Соңғы жаңалықтар