Алматы полициясы алаяқ емшіні тексеріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы алаяқ емшіні тексеріп жатыр

Алматы полициясы алаяқ емшіні тексеріп жатыр

Алматы қаласы Әуезов аудандық ІІБ қызметкерлері 1968 жылы туған Р.Ақылова есімді емшілікпен айналысқан әйелдің іс-әрекеттеріне орай терг

  • 6 Желтоқсан 2016
  • 883
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы Әуезов аудандық ІІБ қызметкерлері 1968 жылы туған Р.Ақылова есімді емшілікпен айналысқан әйелдің іс-әрекеттеріне орай тергеу амалдарын бастады, деп хабарлады Сaravan.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта оның заңсыз әрекеттеріне байланысты 4 адам шағымданған. Белгілі болғандай, Ақылова дәстүрлі емес ем-дом шараларын өткіземін деп адамдарды өз үйінде қабылдаған. Одан соң келіншек арзан бағаға үй алуға көмектесем деп уәде берген. Тіпті банкте кепілде тұрған көліктерді арзанға алып беремін деп алдаған. Ақысына 100 мың теңгеден жоғары ақша алған. Бірақ уәдесінде тұрмағандықтан алданған адамдар полицияға шағымданған. Қазіргі кезде оның басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталуда.

«Егер бұл әйелден зардап шеккендер болса Алматы қаласының Әуезов аудандық полиция бөліміне шағыдануға болады»,- деді Әуезов аудандық ІІБ бастығының орынбасары Құмарбек Кеңшінбаев


Соңғы жаңалықтар