"Мынау енді шектен шыққан әдепсіздік": Нүкенованың ағасы соттағы қылығы үшін сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мынау енді шектен шыққан әдепсіздік": Нүкенованың ағасы соттағы қылығы үшін сынға қалды

"Мынау енді шектен шыққан әдепсіздік": Нүкенованың ағасы соттағы қылығы үшін сынға қалды

Бишімбаевтың анасы сотта эмоцияға беріліп сөйледі.

  • 4 Мамыр
  • 1273
Фото: видеодан алынған

Қуандық паразит емес. Ескі жүйенің кемшілігін оған арта салмаңыздар деді ол жәбірленуші тараптың сөзіне жауап беріп, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ұлын да, ұлттың жайын да қозғап өтті. Бірақ, бір мәселеге келгенде кейін шегінген жоқ. Салтанаттың өлімін сөз еткенде, Қуандыққа барынша араша түсті.

Альмира Бишімбаева сөз сөйлеп жатқан сәтте, Салтанат Нүкенованың ағасы бір нәрсе айтып, аузы жыбырлағанын байқауға болады. Көпшілік ол боғауыз айтты деп санады. Айтбек Амангелдінің қылығын заңгер Ляззат Ахатова жиіркенішті деп, қатты сынға алды.

«Қанша қайғы жамылса да, жасы үлкен адамды ел алдында боқтау деген сотты да, алқабилерді де құрметтемеушілік. Қарындасын бұл әйел өлтірген жоқ қой. Бүкіл әлем қарсы тұрса да, кез-келген ана баласын шырылдап қорғайды. Әлемдегі ең жауыз адам болса да. Сол үшін де ана. Балаңды неге қорғадың деп, ешкім анаға кінә арта алмайды. Қылмыскерді ақтау емес бұл. Қылмыскер өз жазасын алу керек. Тек заң мен тәртіп бәріне бірдей.

Ал жәбірленушінің мына қылығы жирендірді. Ел қолдаған сайын, шоу көрсетіп, публикаға ойнап. Дап-дардай еркек. Адами қасиеттен де, қазақы тәрбиеден де жұрдай екенін көрсетіп отыр, өзінің. Айттым ғой, Айтымы да сау сиырдың несі емес деп», — деп жазба қалдырды заңгер.

Соңғы жаңалықтар