Биржада теңге бағамы төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биржада теңге бағамы төмендеді

Биржада теңге бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бүгін 343 теңге 72 тиынға қымбаттады. Биржада соңғы үш айда доллар бағамы бұл деңгейге жетпеген.

  • 25 Шiлде 2016
  • 275
Фото - Caravan.kz


Биржадағы саудада доллар бағамы Қазақстан ұлттық банкінің 25 шілдеде белгілеген ресми бағамынан 2 теңге 21 тиынға қымбат, деп жазады Азаттық.

Қазақстан теңгесінің бағамы әлемде мұнай бағасының арзандауымен қатар төмендеп жатыр. Қазір әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай баррелі 45,7 доллар.

Өткен жылы тамызда Қазақстан билігі теңге бағамын белгіленген шекте ұстап тұру саясатынан бас тартып, теңгені еркін айналымға жіберген. Содан бері теңге долларға шаққандағы бағамының шамамен 86 пайызына құлдырады. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев биыл ұлттық банк теңге бағамына ықпал етпейтінін, биржадағы саудаға мүлдем араласпайтынын және айырбас бағамы бойынша болжам жасамайтынын бірнеше рет айтқан.

Соңғы жаңалықтар