Мыңдаған алматылық «Медеу» мұз айдынының жаңа маусымын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мыңдаған алматылық «Медеу» мұз айдынының жаңа маусымын ашты

Мыңдаған алматылық «Медеу» мұз айдынының жаңа маусымын ашты

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен қысқы Универсиаданың басталауына 100 қалғанына орай ұйымдастырылған «Медеу» мұз айдынында 2016-2017 қысқы жаңа маусымның ашылуы болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

  • 22 Қазан 2016
  • 887
Фото - Caravan.kz

null 

null 
«Бүгін жаз кезінде конькимен сырғанауды сағынып қалған мыңға жуық адам жиналды. Мен бүгін барлығыңызды құттықтаймын», — деді Бауыржан Байбек.

null 

null  

Өз сөзінде әкім Универсиада-2017 Алматыны қысқы туризмнің халықаралық орталығы ретінде танытатынын айтты. Сонымен қатар әкім бүгінгі шарада Универсиада елшілері: режиссер Нұртас Адамбай, шоумен Мұрат Мұтырғанов, байкер Дмитрий Первухинге халықаралық студенттер спорт сайының өкілі дипломын табыс етті.

«Барлығыңызды Медеудегі жаңа маусымның ашылуымен және Универсиаданың басталуына 100 күн қалғанымен шын жүректен құттықтаймын», — деді Бауыржан Байбек.


Сондай-ақ ол мұз айдыны әкімшілігі келушілерге баға өзгермегенін, 1800 теңге болып қалғанын хабарлады. Мұз айдыны сейсенбі-жексенбі күндері сағат 10-00-ден түнгі 23-00-ге дейін ашық болады.

Таңғы сырғанақ сағат 10-00-ден 16-00-ге дейін, кешкі 18-00-ден 23-00-ге дейін.

null 

null 

null 

1

Соңғы жаңалықтар