«Нұр Отан» ХДП «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының қорытындылары - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» ХДП «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының қорытындылары

«Нұр Отан» ХДП «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының қорытындылары

БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Баспасөз, теледидар және радио күні қарсаңында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы журналистер арасында өткізілген «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының қорытындыларын жариялады,

  • 24 Маусым 2011
  • 1329
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі

Дәстүрге айналған жеңімпаздарды марапаттау салатанатты рәсімі астаналық Конгресс-холл ғимаратында Қазақстанның барлық аймақтары журналистерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан журналистер одағы мен Бас редакторлар клубы өкілдерінің басын қосты.

Жеңімпаздар «Нұр Отан» партиясының, депутаттар мен депутаттық фракциялар қызметі жайлы ең үздік аналитикалық материалдар арасынан, партияның аймақтардағы қызметін ең үздік жариялағаны үшін, партиялық бастамаларға қатысты айрықша көзқарас үшін, ең үздік фото және бейне материалдар арасынан анықталды.

Биылғы «Нұр Сұңқар» байқауының басты ерекшелігі: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойына орайластырылғаны. Мерейтой тақырыбы журналистер үшін өте қызықты тақырыпқа айналды.
200-ден астам республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері байқауға өз жұмыстарын ұсынған болатын.

Сонымен қатар, сайыскерлер жұмыстарында «Нұр Отан» партиясы қызметінің түрлі қырлары көрініс тапты: партияның барлық маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарларды бақылау жұмысын күшейтуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, қазақстандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуі, партиялық бақылау бекеттерінің, қоғамдық қабылдаулардың, бастауыш партиялық ұйымдардың жұмысы және нұротандықтардың басты назарындағы тағы басқа көптеген мәселелер.

Байқау жеңімпаздарын құттықтай келе, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Биылғы «Нұр Сұңқар» байқауы еліміздің басты мерекесі — Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Себебі, тәуелсіздік — бұл барша қазақстандықтар үшін маңызы зор тарихи мейрам болып табылады. 20 жылда біздің еліміз жоғары әлемдік беделі бар қуатты мемлекетке айналды. Бұл — Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлкен еңбегінің, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, елімізді дамытуға бағытталған саясатының нәтижесі екені сөзсіз. Осының барлығы Қазақстан журналистикасының дамуына да үлкен жол берді» — деп атап өтті.

Биыл екінші рет өткізіліп отырған «Нұр Сұңқар» байқауы партияның жақсы дәстүрлерінің негізін қалады. Оларды бірі — жаңа есімдер мен таланттарды ашу.

Қазірдің өзінде тілшілердің жұмысы қызу үстінде. Орын алған оқиғалар мен халыққа жеткізілуі тиіс ақпарат жеткілікті. Бұл енді «Нұр Сұңқар-2012» сыйлығына үміткер болуына жаңа мүмкіндіктер.

Өткен жылдағыдай, биылғы байқауда да арнайы жүлде тапсырылды. Бұл сәт салтанатты рәсімнің шарықтау шегіне айналды. Нұрлан Нығматулин осы сыйлық биыл Қазақстан Рсепубликасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналғанын жариялады. Оның иегері болып белгілі қазақстандық журналист, «Хабар» агенттігінің тілшісі Нұрлан Оқаұлы атанды. Ол арнайы мүсінше мен дипломға қоса пәтер кілтінің иегері атанды.

2011 жылдың жеңімпаздары болып танылғандар:

«Эксперт» номинациясы бойынша белгілі саясаттанушы, «Ашық студия» бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Ерімбетов;

«Сарапшы» номинациясы бойынша «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Тілеуқабыл Мыңжасар;

«Наш депутат» номинациясы бойынша «Казахстанская правда» газетінің арнайы тілшісі-парламент шолушысы Ольга Казанцева;

«Біздің депутат» номинациясы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің саяси шолушысы Жақсыбай Самрат;

«Лента новостей» номинациясы бойынша Zona.kz интернет-газетінің меншікті тілшісі Жұмабике Жүнісова;

«Жаңалықтар тізбегі» номинациясы бойынша Міnber.kz интернет-басылымының тілшісі Есенгүл Кәпқызы;

«Вести из регионов» номинациясы бойынша «Литер» газетінің меншікті тілшісі Владимир Катков;

«Аймақ жаңалықтары» номинациясы бойынша «Хабар» агенттігінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Салауат Игликов;

«В кадре партийные кадры» номинациясы бойынша «Хабар» агенттігінің астаналық бөлімшесінің тілшісі Наталья Илюхина;

«Кадрда партиялық кадрлар» номинациясы бойынша «Айқын» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі Айхан Шәріп;

«Точка зрения» номинациясы бойынша белгілі журналист Геннадий Бендицкий («Время» газеті);

«Көзқарас» номинациясы бойынша КТК арнасында шығатын «Жаңалықтар: Астарлы ақиқат» жүргізуші редакторы Дина Төлепбергенова;

«Первый шаг» номинациясы бойынша «Индустриальная Караганда»/«Экспресс-К» басылымдарының тілшісі Оксана Мягких;

«Алғашқы қадам» номинациясы бойынша «Ақтау ақпарат» газетінің тілшісі Кәмшат Әбдірайым;

«Доверие» номинациясы бойынша «СТВ» арнасының бас редакторы орынбасары Виталий Попов;

«Сенім» номинациясы бойынша «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Айбек Қобдабай;

«Мастер объектива» номинациясы бойынша Президент баспасөз қызметінің операторы Бактыбай Шаханов;

«Объектив шебері» номинациясы бойынша «Нұр-Медиа» ЖШС-нің фототілшісі Советбек Мағзұмов.

Барлық байқау жеңімпаздары «Нұр Сұңқар» мүсіншесі, арнайы диплом және 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

Соңғы жаңалықтар