Қазақстан студенттері бүкіләлемдік қытай тілі және мәдениеті байқауына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан студенттері бүкіләлемдік қытай тілі және мәдениеті байқауына қатысады

Қазақстан студенттері бүкіләлемдік қытай тілі және мәдениеті байқауына қатысады

Ухань қаласында (Қытай, Хунань провинциясы) 16 шілде мен 8 тамыз аралығында «Қытай тілінің көпірі» атты қытай тілі мен мәдениетінің 10-шы мерейтойлық бүкіләлемдік студенттер байқауы өтеді.

  • 14 Шiлде 2011
  • 663
Фото - Caravan.kz

Байқау үш сатыдан тұрады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл іс-шара шетелдік студенттерге қытай тілін меңгеру деңгейлерін арттыруға берік негіз болып қана қоймай, оларға қытай мәдениетін жақынырақ біліп, қарапайым қытайлықтардың тұрмысын тануға, Қытайдың ұлттық ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.

Өткен жылғы 9-шы бәйгеге әлемнің 30 елінен 812 студент қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар — ҚХР-дағы жоғарғы білім беру орындарында тегін білім алу гранттары беріледі.