Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол «Бірінші бол» ютуб арнасына берген сұхбатында Польша чемпионатына агенттің көмегімен ауысқанын мәлімдеді.
«Польшаға агент арқылы бардым. «Гурник Ленчна» деген командада ойнаймын. Польша чемпионатында бәсекелестік өте мықты. Чемпионат тамыз айында басталады. Әрине, басты мақсат — кубок алу, жеңімпаз атану. Чемпионатта 12 команда өнер көрсетеді. Жастарға көп мүмкіндік беріп жатыр. Шымкенттегі «Биик» клубында жүрген уақытта Ресейде халықаралық ойын өтті. Одан кейін біз үнемі Түркияға оқу-жаттығу жиынына барып жүрдік. Сол уақытта «Краснодарға» қарсы жолдастық матч өтті. Сол ойындардан кейін мені агент көріп, маған байланысқа шықты», — дейді футболшы.
Сондай-ақ ол Қазақстан мен Польшадағы әйелдер футболшыларының жалақысына да тоқталды.
«Қазақстанда 1-2 команда ғана жоғары жалақы төлейді. Ал Польшада барлығына бірдей жалақы береді. Бірақ, чемпион атанған, ұлттық құрамада ойнайтын футболшылар жоғары жалақы алады. Қазақстанда қыздар футболындағы орташа жалақы 200-300 мың теңге. Көтеру керек. Ол үшін өзіміз де жұмыс істеп, әрекет ету керек», — дейді ол.
Футболшының айтуынша, Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндігі бар.
«Осы жылы қазақ айында екі ойын өткіземіз. Одан кейін тағы да 1-2 ойын болуы мүмкін. Сол ойындарды жеңсек, әлем чемпионатына шығамыз. Шығуға мүмкіндік бар», — дейді Қазына Норбаева.