Әміржан Әлпейісовтің «Азаттық аңсаған Сарыарқа» кітабының таныстырылымы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әміржан Әлпейісовтің «Азаттық аңсаған Сарыарқа» кітабының таныстырылымы болады

Әміржан Әлпейісовтің «Азаттық аңсаған Сарыарқа» кітабының таныстырылымы болады

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған Әміржан Әлпейісовтің «Азаттық аңсаған Сарыарқа» кітабы баспадан шықты.

  • 11 Тамыз 2011
  • 548
Фото - Caravan.kz

Кітапқа автордың тәуелсіздік тақырыбына жазылған «Қашқыр суыр» және «Азаттық аңсаған Сарыарқа» деп аталатын екі повесі еніп отыр. «Қашқыр суыр» повесінде желтоқсан көтерілісінен кейінгі жастардың қилы ғұмыры мен тұрлаулы тағдыры, рухани-адамгершілік қасиеттерінің ашылуы сипатталаса, «Азаттық аңсаған Сарыарқа» повесінде студенттердің астыртын құпия ұйымының іс-әрекеттері көрсетіледі.

Осыған орай ертең, 11 тамызда сағат 15.00 «Нұр Отан» ХДП-ның орталық аппаратында «Азаттық аңсаған Сарыарқа» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Перейти к новостям спорта