Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсы өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсы өтіп жатыр

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсы өтіп жатыр

Бүгін таңертең Қызылордадағы «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» спорт кешенінде «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсы ашылды.

  • 18 Тамыз 2011
  • 499
Фото - Caravan.kz

Көрме-конкурс «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» атты үш аталым бойынша ұйымдастырылды. Оның қорытындысы бойынша 9 жүлдегерге диплом мен сыйлық тапсырылады деп жоспарлануда.

Жалпы, көрме-конкурстың негізгі мақсаты жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыру болып табылады.