Солтүстік Қазақстанда туристік әндердің халықаралық фестивалі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстанда туристік әндердің халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Солтүстік Қазақстанда туристік әндердің халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Жұма күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданы «Вороний остров» шатқалында «Звездопад-2011» атты туристік әндердің халықаралық фестивалі бастау алды, деп СҚО дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасынан Дарья Тушина мәлім етті.

  • 19 Тамыз 2011
  • 700
Фото - Caravan.kz

Ондағы мәлімет бойынша, фестивалға СҚО, алыс және жақын шетел өкілдері қатысады.

«Фестиваль мақсаты — отбасылық құндылықтарды, туристік әндерді, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ақындық және ән өнеріне баулу; республиканың өңірлері және алыс-жақын шетелдермен мәдени байланысты нығайту; туристік әндерді орындаушылардың шығармашылық шеберлігінің деңгейін көтеру», — деді Д. Тушина.

Фестивальді ұйымдастырушылар — СҚО дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасы, Солтүстік Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы, Петропавлдың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Планета» мен бірлесіп жүзеге асырып отыр.

«Конкурстық әділқазылар алқасында танымал авторлар мен орындаушылар, ақын-әншілер мен композиторлар, кәсіби музыканттар, фестивальдың құрметті қонақтары қатысады», — деді Д. Тушина.

Фестиваль 21 тамызда аяқталады.

Перейти к новостям спорта