Қазақстан-Монғолия біріккен археологиялық экспедициясы Монғолиядағы «Улаан-Керим» жеріндегі көне түркі мазарына археологиялық қазба жүргізіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Монғолия біріккен археологиялық экспедициясы Монғолиядағы «Улаан-Керим» жеріндегі көне түркі мазарына археологиялық қазба жүргізіп жатыр

Қазақстан-Монғолия біріккен археологиялық экспедициясы Монғолиядағы «Улаан-Керим» жеріндегі көне түркі мазарына археологиялық қазба жүргізіп жатыр

Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінің қолдауымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Монғолияның Ғылым академиясының тарих институты 2011 жылғы 1 шілдеден бастап Монғолияның орталық аймақтарында біріккен экспедиция қазба жұмысына кіріскен болатын.

  • 24 Тамыз 2011
  • 623
Фото - Caravan.kz

Археологиялық экспедицияны Қазақстан тарапынан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тюркология және Алтайтану ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Сартқожаұлы Қаржаубай, Монғолия тарапынан Тарих институтының халықаралық жобалар жетекшісі Аюудайн Очир басқарып, қазіргі таңда Монғолияның орта шебінде орналасқан Бұлғын аймағындағы Улаан-Керим («Қызыл Кеніш») атты жерінде археологиялық жұмыстар жасап жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның Монғолиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Мамандардың пікірінше, «Қызыл Кеніштегі» табылған нысан б.э. VII-VIII ғасырдағы көне түркі қағанаты басшыларының біріне арналған жер асты мазары болып шықты. Мамандардың айтуынша, Орталық Азияда бұған дейін мұндай нысан бұрын-соңды археологтар назарына ілінбеген. Нысанның сыртқы жер бетіндегі диаметрі 25 м, дөңгелек формалы үйінді топырақ түрінде сақталған. Үйіндінің биіктігі 4 метр. Оның Оңтүстік Шығыс жағына бағытталған жол жасалған. Бұл жол 20 метрге дейін созылған. Археологтар бұл жолды жерасты мазарының қақпа беті екенін анықтап, үйіндіден 30 м жер шегініп, қазба жүргізіп кешеннің есігін белгілеген.

Нәтижесінде, археолагтардың есептеген болжамы дұрыс шығып, олар 30 м ұзындықта жасалған жерасты дәлізін тауып, кешеннің есігіне тура барған. Кешеннің есігіне апаратын дәліздің екі жақ қабырғасына қызыл және қара бояумен суреттер сызылған. Дәлізде ұзындығы 4 м барыс басты ұлу, ат жетектеген түркі сарбаздары т.с.с суреттер салынған.

Кешеннің жерасты есігі 3 аркадан тұрады. Одан ары қарай үй орналасқан. Үйде көне тарихи дүниелер сақталған. Тарихшылардың мәлімдеуінше, біріккен экспедицияның қол жеткізген бұл мұрасы бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген.

Улаан-Керимде табылған кешеннің салтанатты ашылуы ү.ж. 19 тамызда болып өтті. Тарихи нысанның ресми ашылуына Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Орман Нұрбаев, Монғолияның Білім, мәдениет және ғылым министрі Е.Отгонбаяр және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Перейти к новостям спорта