Қазақ суретшісі «Иран Ислам Республикасының қол өнер шеберлері» Одағы мүшелігіне қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ суретшісі «Иран Ислам Республикасының қол өнер шеберлері» Одағы мүшелігіне  қабылданды

Қазақ суретшісі «Иран Ислам Республикасының қол өнер шеберлері» Одағы мүшелігіне қабылданды

Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында өткен халықаралық «International Handicrafts Exhibition» көрмеге әлемнің 25 елінің өкілдері қатысып, онда қазақ елін таныстырған жас суретші Ермұрат Ерхасан болды.

  • 26 Тамыз 2011
  • 839
Фото - Caravan.kz

Көрме барысында Ермұрат Ерхасан өзінің оннан астам қылқалам туындыларымен қатар, қазақ халқының ұлттық киімдерін насихаттады. Әсіресе, әрбір ою-өрнегіне философиялық ой түйген қазақы киімдерге деген шет елдіктердің қызығушылығы басым болды деп бізбен ой бөліскен Ермұраттың айтуынша ирандықтар тарапынан қазақ еліне деген қызығушылық мол болған екен.

18 млн. тұрғыны бар Тегеранда өткен көрме барысында қазақтың жас суретшісі картиналарының жетеуін алғашқы төрт күнде сатыпты!

Отандық суретші қазақ еліне тән қонақжайлығымен өзінің төл туындыларының бірін Халықаралық туризм және мәдени мұра Ұйымы Президентінің кеңесшісі Тахминэ Даниалиге сыйға тартыпты.

Енді, міне, алыстағы Иран жеріндегі мұражайда қазақ суретшісінің туындысы келгендердің көз жауын алуда!

Сонымен қатар, астаналық жас суретшінің еңбегі жоғары бағаланып, ол «Иран Ислам Республикасының қол өнер шеберлері» Одағына мүшелігіне қабылданды.

Перейти к новостям спорта