«Еуразия» кинофестивалінде төрелік ететін әділқазылар құрамы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еуразия» кинофестивалінде төрелік ететін әділқазылар құрамы анықталды

«Еуразия» кинофестивалінде төрелік ететін әділқазылар құрамы анықталды

Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің әділқазылар алқасына Оңтүстік Кореялық режиссер Ким Ки-дук жетекшілік ететін болды.

  • 31 Тамыз 2011
  • 529
Фото - Caravan.kz


Ұйымдастыру комитетінің ақпарына қарағанда, әділқазылар құрамына жапон актері, сценарист әрі режиссер Йоичи Сай, француз режиссері Жиль Маршан, РФ Халық әртісі Владимир Хотиненко кірді.
VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 19-24-қыркүйек аралығында Алматыда өтеді. Фестивальді Мәдениет министрлігі, «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақстанның Кинематографистер одағы ұйымдастырады.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі кинофестивальдің ақпараттық серіктесі болып табылады.

Перейти к новостям спорта