ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында жеткіншектер үшін Конституция күніне арналған сабақ өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында жеткіншектер үшін Конституция күніне арналған сабақ өткізілді

ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында жеткіншектер үшін Конституция күніне арналған сабақ өткізілді

Астанадағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында Конституция күніне арналған «Ата Заңым - тәуелсіздігімнің тұғыры» деген тақырыпта сабақ өтті.

  • 1 Қыркүйек 2011
  • 868
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында астаналық мектеп оқушыларына арналған танымдық сабақтарды өткізу дәстүрге айналған. Мұнда олар үшін әдеттегідей экскурсиялар, танымал қайраткерлермен кездесулер, музей сабақтары өткізіледі. Биыл да «Ата Заңым — тәуелсіздігімнің тұғыры» атты бүгінгі сабақ сол дәстүрінен жаңылған жоқ. Аталмыш шараға мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бірінші сынып оқушылары қатысты.

Жеткіншектер ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің Негізгі Заңының жазылуы мен бекітілуіндегі рөлімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Олардың назарына тұрақты экспозициялардың жәдігерлерімен қатар, мұражай коллекцияларынан көптеген мұрағат құжаттары мен фотосуреттер ұсынылды. Соның ішінде Президенттің Конституцияға өз қолымен енгізген түзетулері мен толықтырулары да бар.

Мереке қонақтарына арнап оқушылар вокалды-хореографиялық композиция ұйымдастырды. Мұражайда өткен тұңғыш сабақтарының естелігі ретінде балаларға кәдесый таратылды.

Перейти к новостям спорта