Алматыда фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің «Ғасырлар сазы» атты республикалық фестиваль-конкрусы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің «Ғасырлар сазы» атты республикалық фестиваль-конкрусы өтеді

Алматыда фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің «Ғасырлар сазы» атты республикалық фестиваль-конкрусы өтеді

Алматыда 6-7 қырқүйекте ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің «Ғасырлар сазы» атты республикалық фестиваль-конкрусыөтеді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

  • 1 Қыркүйек 2011
  • 586
Фото - Caravan.kz

«Қала күні мерекесі аясында 6-7 қырқүйекте Орталық концерт залында, ал 8 қыркүйекте Абай атындағы МАТОБ-та (жабылуы) фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің «Ғасырлар сазы» атты республикалық фестиваль-конкрусы өтеді», — делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

«Ғасырлар сазы» фестиваль-конкурсын ұйымдастырудағы басты мақсат — осы жанрды одан әрі дамыту, еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарын насихаттау.

Фестиваль-конкурсқа «Сазген сазы», «Тұран», «Адырна», «Қобыз сарыны» және басқа да шығармашылық ұжымдар қатысады.

«Конкурстық негізде 29 шығармашылық ұжымнан өтініш келіп түсті», — деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Олардың мәліметтерінше, фестивальда халықтық фольклорлық-аспаптық және ән жанрындағы ең үздік шығармалалар ұсынылады. Жалпы, көрермендер бұл күндері адырна, жетіген, саз сырнай, сыбызғы, басқа да көне музыка аспаптарының үнін тыңдай алады.

Перейти к новостям спорта