Венада Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл толуына арналған фотокөрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Венада Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл толуына арналған фотокөрме ашылды

Венада Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл толуына арналған фотокөрме ашылды

Бейбенбі күні Венада австриялық Хофбург сарайындағы ЕҚЫҰ штаб-пәтерінің орталық залдарының бірінде Қазақстандағы Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл толуына арналған фотокөрме ашылды.

  • 2 Қыркүйек 2011
  • 656
Фото - Caravan.kz

ЕҚЫҰ жанындағы қазақстандық тұрақты өкілдік және Австриядағы ҚР елшілігі халықаралық қоғамдық жұртшылық назарына «қырғи-қабақ соғыс» кезінде Семей полигонының құрылуы тарихы, жүздеген сынақ жарылыстының қасіретті салдары, сондай-ақ 1991 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу хроникасы және еліміздің ядролық сынақтардың қайғылы мұраларын еңсеру жолындағы күш-жігері туралы жиырмадан астам фотостенділерде бірегей деректі фотошежірені ұсынған.

«Ұйымның қатысушы елдері көшбасшылары Астанадағы ЕҚЫҰ тарихи саммитінде өздерінің біртұтас Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік сәулетінде еркін және демократиялық қоғам идеяларын жақтайтындарын атап көрсетті. Біз бұл қоғамның қауіпсіз іргетасы ядролық қарулардан азат әлем болуы тиіс екеніне кәміл сенеміз», — деді көрменің ашылу рәсімінде ҚР елшісі Қайрат Әбдірахманов.

Фотокөрменің ашылу салтанатында алғашқы келушілер ретінде Венадағы ЕҚЫҰ және халықаралық ұйымдар жанындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, сарапшылық қоғамдастықтың көрнекті өкілдері, халықаралық ғылыми ортаның және масс-медианың өкілдері болды.

Олардың көпшілігі таяудағы күндері Қазақстанның төрағалығымен Венада өтетін қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумының жүмысына қатысады. Форумның алғашқы отырысы 7 қыркүйекте ЕҚЫҰ елдері жоғары мәртебелі өкілдерінің қатысуымен Ұйымның штаб-пәтерінде өтеді.

Көрме 7 қыркүйекке дейін созылады.

Перейти к новостям спорта