Оралда фотограф Р.Халеловтің көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда фотограф Р.Халеловтің көрмесі ашылды

Оралда фотограф Р.Халеловтің көрмесі ашылды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында фотограф Рафхат Халеловтің көрмесі ашылды.

  • 5 Қыркүйек 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай аталмыш шараны жуырда құрылған Қадыр Мырза Әлі атындағы қоғамдық қор облыс әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырды.

«Тәуелсіздік жолымен», «Қазақтың Қадыры» атты көрмеге фотосуретшінің қырықтан аса еңбегі қойылған. Мұнда Елбасының Жайық жұртшылығымен жүздесуі, халық жазушысы Қадыр ақынның Ақ Жайық өңіріне келген сапары, белгілі тұлғалардың Оралға келген сәтіндегі фотолар ілінген. Бұл — Рафхат Халеловтың облыс көлемінде ұйымдастырылған екінші көрмесі. Бұдан бұрынғысы «Жаңа ғасырға алтын көпір» деген тақырыппен облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қойылған еді.

Аталмыш қордың директоры, композитор Донеділ Қажымовтың айтуынша, көп кешікпей Оралда Қадыр Мырза Әлінің мұражайы ашылмақ.

Фотокөрме 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал 2 қарашада Алматыда өтетін көрмеге Р. Халеловтың 120 суреті қойылмақ.

Перейти к новостям спорта